Қарағанды облысында жоғалған кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жоғалған кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысы Нұра ауданында кәсіпкер, шаруа қожалығының басшысы және "Нұр Отан" депутаты Нұрлан Сүлейменовті іздестіріп жатыр. Оның жоғалып кеткеніне үш тәуліктен асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Нұра ауданында кәсіпкер, шаруа қожалығының басшысы және "Нұр Отан" депутаты Нұрлан Сүлейменовті іздестіріп жатыр. Оның жоғалып кеткеніне үш тәуліктен асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1958 жылы туған кәсіпкер 8 сәуірге қараған түні хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Ол Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдан Тассуат ауылына көлікпен шыққан.

Жергілікті тұрғындар шаруа қожалығының иесі суға батып кетуі мүмкін деп болжайды. Өйткені сол түні жолды еріген қар суы басып, көпірді көру мүмкін болмаған.

Алайда Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствода 8 сәуір күні Нұра ауданында су тасқыны болмағанын хабарлады. Жолды кейін су басқан. Қазіргі уақытта су тасқынының салдары жойылды, елді мекендерді су басу қаупі жоқ, деп хабарлады ведомство.

"Нұра ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпкердің жоғалғаны туралы хабарлама 10 сәуірде сағат 3.00-де түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылды. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінде іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы да айтылды. Ведомство мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен ер адамның көлігі табылған. Көлік Нұра өзенінен табылып, судан шығарылды. Жоғалған кәсіпкерді іздеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети