ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2023 | 17:57
Қарағанды облысында жол апаты салдарынан екі аудан жарықсыз қалды
Қарағанды облысында кен таситын көлік электр желісін зақымдады. Апат салдарынан Бұқар жырау мен Қарқаралы аудандары жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында кен таситын көлік электр желісін зақымдады. Апат салдарынан Бұқар жырау мен Қарқаралы аудандары жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат Қарқарлы ауданы, Қарағайлы ауылы маңындағы ГРЭС-2 жоғары вольтты желісінде болған. Кен тасымалдаушы көлік сымды үзіп, екі ауданның тұрғындарын жарықсыз қалдырды.
"Мына станциялар өшірілді: Ботақара, Ульяновка, Ульяновка-2, Пушкин, Бабаева, Корнеевка, Хорошевская, Кр.Октябрь, Озерная-1, Нүркен, Алыс, Ынталы, Матақ, Жусалы, Кузнецкая, Пролетарка, Карбышевка, Қарқаралы, Қарағайлы. Қарқаралы және Бұқар жырау аудандары электр қуатынсыз отыруға мәжбүр", - деді Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері.
"Қарағанды Жарық" мамандары жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстың қашан аяқталатыны хабарланбады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также