Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан екі аудан жарықсыз қалды 08 маусым 2023, 17:57

Қарағанды облысында кен таситын көлік электр желісін зақымдады. Апат салдарынан Бұқар жырау мен Қарқаралы аудандары жарықсыз қалды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қарағанды облысында кен таситын көлік электр желісін зақымдады. Апат салдарынан Бұқар жырау мен Қарқаралы аудандары жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат Қарқарлы ауданы, Қарағайлы ауылы маңындағы ГРЭС-2 жоғары вольтты желісінде болған. Кен тасымалдаушы көлік сымды үзіп, екі ауданның тұрғындарын жарықсыз қалдырды.

"Мына станциялар өшірілді: Ботақара, Ульяновка, Ульяновка-2, Пушкин, Бабаева, Корнеевка, Хорошевская, Кр.Октябрь, Озерная-1, Нүркен, Алыс, Ынталы, Матақ, Жусалы, Кузнецкая, Пролетарка, Карбышевка, Қарқаралы, Қарағайлы. Қарқаралы және Бұқар жырау аудандары электр қуатынсыз отыруға мәжбүр", - деді Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері.

"Қарағанды Жарық" мамандары жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстың қашан аяқталатыны хабарланбады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram