Қарағанды облысында жол қабаты жарылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жол қабаты жарылып жатыр

Қарағанды облысында Қарағанды - Теміртау арасындағы көлік магистралінде қозғалыс тоқтап қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "24 Хабар" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында Қарағанды - Теміртау арасындағы көлік магистралінде қозғалыс тоқтап қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "24 Хабар" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарнаның хабарлауынша, жол бетіне төселген бетон қабаты жарылып, жұмыс тұралап қалған. Қала арасындағы алты жолақты 16 шақырымдық жолды құрылысшылар екі жыл бойы салған. Мердігерлер барлық талапты сақтағанын айтады. Ал жол сапасын қадағалайтын мекеме әзірге оның неліктен жарылғанын дөп басып айта алмай отыр.

Бақылаушы органдардың мамандары барлық дәстүрлі сараптама әдістерін таусылғандығын, алайда мүмкін болғанша нақты үзілістің неден екеніне жауап беруге әзірлігін айтты. Жаңа жолдың жойылу себептерін анықтау үшін, георладерамен сканерлейді. Осы зерттеудің қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстары қалай өтетіні белгілі болады. Дегенмен, автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, бұл оларға оңайға соқпайды. Құрылыстың кешігуі жолдағы қосымша қолайсыздыққа әкеледі екен. 

"Бұл саланың жұмысына қатаң бақылау болмайынша, жол сапасы жақсармайды. Республикалық маңызы бар жолдарды қабылдап алатын комиссия құрамына міндетті түрде қоғам белсенділерін немесе үкіметтік емес ұйым өкілдерін қосу керек. Ал олар құрылыс басталған күннен бастап жұмыс барысын қадағалап отыруы қажет", - дейді қоғам белсендісі Руслан Лазута.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети