Қарағанды облысында карантин ережелері күшейтілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында карантин ережелері күшейтілуі мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны рекорд орнатты. Онда бір тәулікте 24 адамнан COVID-19 анықталған. Осылайша облыста науқастардың саны 300-ге жеткен, - деп хабарлайды "Хабар24".

Облыстың бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың айтуынша, бір апта ішінде бұл көрсеткіш 7 пайыздан асатын болса, карантин ережелері күшейтіледі, яғни санитарлын нормаларды бұзған дүкендер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.

Оның айтуынша, облыста соңғы үш күнде COVID-19 көрсеткіші 8,9 пайызға жеткен.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ботақара мен Теміртау ауылдарында әлі күнге дейін каратин ережелері қатаң сақталып жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 7234-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети