Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. 19 қазаннан бастап облыста сегіз санитарлық бекет қойылады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. 19 қазаннан бастап облыста сегіз санитарлық бекет қойылады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Юрий Залыгин қаулы шығарды.
Көрші облыстарда жұқтырғандардың өсуіне байланысты алдын алу шарасы ретінде 19 қазан күні сағат 00.00-ден бастап өңірде санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды. Облыс бойынша сегіз бекет болады: Жезқазған, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы аудандарында және Приозерск қаласында біреу, Осакаров ауданында екеу.
Жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын дәрігерлер және полиция қызметкерлері тексереді. Бақылау термометрия мен сауалнаманы қамтиды.
Кіреберістерде, лифтілер мен паркингтерде тәулігіне кемінде екі рет профилактикалық дезинфекциялау және ылғалды жинау жүргізу қажет.
Күн сайын балалар мен аула алаңдары дезинфекцияланады.
65 жастан асқан адамдарға қозғалысты шектеу ұсынылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс форматына көшірілуі тиіс (штатында 30-дан астам қызметкер бар).
Шетелге шығатын туристермен ақпараттық жұмысты күшейту талап етіледі.
Ережені бұзушыларды нақты уақыт режимінде тіркеу үшін сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, желілік дүкендерде, қоғамдық тамақтану пункттерінде (50-ден астам отыратын орын бар) бейнекамералар орнату ұсынылды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, автовокзалдар мен автобекеттерде стационарлық тепловизорлар мен ақылды бейнебақылау жүйелерін орнату талап етіледі.
Жолаушылар көлігіне жүктемені төмендету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдардың сараланған жұмыс кестесі бойынша мәселе шешілетін болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары өз қызметкерлерін жұмысқа және үйге жеткізуді ұйымдастыруы керек.
Облыста еріктілер зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жұмыстарын жандандырады.
Бетперделік режимнің, санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтілетін болады.
Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және т.б.), кинотеатрлардың (ашық кинотеатрлардан басқа), букмекерлік кеңселердің жұмысына әлі де рұқсат етілмеген.
Құжат әкімдіктің сайтында жарияланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!