Қарағанды облысында карантин күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында карантин күшейтілді Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысында карантин күшейтілді. Қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында карантин күшейтілді. Қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитария дәрігері облыс аумағында карантин режимін ұзартуға қаулы етті.

Өңір тұрғындарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген нысандарға (бильярд, караоке, боулинг орталықтары және басқалары) баруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен даладағы, ғимараттағы нысандарда маска тағу және антисептик қолдану талаптарын қатаң сақтау керегі атап өтілді.

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгіну керегі жазылған.

65 жастан асқан адамдарға елді мекендер мен қоғамдық орындарға жиі бармау ұсынылады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети