Қарағанды облысында карантин ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында карантин ұзартылды © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин облыс аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлері үшін карантинді ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин облыс аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлері үшін карантинді ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитар дәрігердің 19 қаңтардағы қаулысында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындарға шектеулер енгізілетіні айтылған. Мысалы, басшылық өз қызметкерлерінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға көп болса бір уақытта екі адам кіруі керек.

"Облыс тұрғындарынан қол алыспай, жеке гигиенаны және түшкіру мен жөтел этикасын сақтауды сұраймыз. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу жедел жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке жүгініңіз.

Жексенбіде сауда орталықтары, сауда үйлері, ауданы екі мың шаршы метрден асатын сауда желілеріне жұмыс істеуге тыйым салынды. Дәріханалар, сұлулық салондары, құрғақ тазалау және азық-түлік дүкендері жұмыс істейді.

Балабақшалар тек кезекші топтарда жұмыс істейді", - делінген қаулыда.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте елімізде 1134 адамнан коронавирус анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети