Қарағанды ​​облысында кеншілер ереуілге шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында кеншілер ереуілге шықты Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды облысындағы "Ақжал" кенішінің қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы "Ақжал" кенішінің қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасап.

Қызметкерлердің айтуынша, жалақылары көтерілмегеніне біраз болған және олардың еңбегін ақтамайды. 

"Шет ауданының әкімі келді, бірақ келгенінен пайда жоқ деп қорқамыз... Жалақы көтерілмегеніне біраз болды, бұл мәселе көтерілген, былтыр да айтылды, оған дейін жеке цехтарда ереуілдер болды... Еш нәтиже жоқ. Жалақы туралы жарты жылдай уәде беріп келе жатыр. Қазір барлық қызметкер ереуілге шығып жатыр. Жалақымыз 50 пайызға көтерілгенін қалаймыз", - делінген басылымға келген хатта. 

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Nova-Цинк" ЖШС қызметкерлері басшылыққа талап қойған. Олар бүгінде аутсорсингтік компаниялардың қызметкерлері көрсететін қызметтердің бір бөлігін оларға беруді және осыған байланысты жалақыны көтеруді сұрайды. Компания басшылығы мен кеншілер өкілдері арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келіссөздерге аудан әкімі мен аудан прокуроры да қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети