Қарағанды облысында кент карантинге жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында кент карантинге жабылады Фото: Алихан Сариев

Қарағанды облысындағы Ботақара кенті коронавирус індетінің өршуіне байланысты карантинге жабылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Ботақара кенті коронавирус індетінің өршуіне байланысты карантинге жабылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елді мекенде 10 тұрғын COVID-19 вирус жұқтырған.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың қаулысы бойынша, 18 мамырдан бастап, Ботақара кентінде карантин күшейтіледі. Тұрғындарға себепсіз үйден шығуға және жеке көліктерін пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, елді мекенде қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады.

"Ботақара кентінде коронавирус індетін жұқтырудың 10 дерегі тіркелді. Олармен 205 адам байланыста болған, ал 77 адам тығыз қарым-қатынас жасаған. 128 адамның індет жұқтыру қаупі бар. Сонымен қатар, "Қазақмыс" АҚ жұмысшылары арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Олар "Нұрқазған" кен орнында (Бұқар жырау ауданы - автор) жұмыс істеген. 17 мамырдағы жағдай бойынша індетін жұқтырудың 15 дерегі тіркелді. Алғашқы деректер 6 мамырда тіркелді", - дейді Қанат Асқаров.

Медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған жұмысшылармен байланыста болған адамдарды анықтап, шахтада дезинфекция жұмыстарын жүргізген. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жағдай бақылауда екенін атап өтті.

Сондай-ақ, карантин уақытында елді мекеннің кіреберісінде санитарлық бекет орнатылып, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.

Айта кетейік, Қарағанды облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 13 дерегі тіркелді. Өңірде 245 науқас індет жұқтырған, 146 науқас жазылды, 3 адам аурудан көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети