Қарағанды ​​облысында колониядан "қашып кеткен" сотталушы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында колониядан "қашып кеткен" сотталушы ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысының ҚАЖД қызметкерлері бірнеше күн бұрын жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысының ҚАЖД қызметкерлері бірнеше күн бұрын жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушының жүрген жерін колония қызметкерлері анықтаған. Ол алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқаны айтылды.

"Сотталған адам мекемеге қайтарылды. Оған заңға сәйкес шара қолданылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтару екі жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды ​​облысында колониядан тұтқын қашып кетті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети