Қарағанды облысында коронавирус өршіді: жаңа тіркелген жағдайлар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында коронавирус өршіді: жаңа тіркелген жағдайлар туралы не белгілі? © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 130 адамға көбейді, өсім - тәулігіне 43,3 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 130 адамға көбейді, өсім - тәулігіне 43,3 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"20 наурыздан 21 мамырға дейін 455 адам тіркелді, оның ішінде үшеуі қайтыс болды. 170 адам сауығып шықты, бұл вирус анықталғандардың 39,4 пайызы. Инфекция жұқтыру көрсеткіші - 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 пайыз. Облыс бойынша күнделікті өсім - тәулігіне 43,3 пайыз", - деді Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров.

Оның айтуынша, коронавирус 9 қала мен аудандарда тіркелген.

"Қарағандыда - 172 жағдай, Теміртауда - 186 жағдай, Шахтинск - 10, Абай және Абай ауданында - 5, Жезқазған - 4, Бұқар Жырау ауданында - 26 жағдай, Саран - 11, Сәтпаев және Шет ауданында - біреуден. Басқа қалалардан келген 14 адам тіркелген", - деп атап өтті ол.

Санитар дәрігерлер вирус жұқтырғандармен байланыста болған 10 045 адамды анықтады, оның ішінде 2267 жақындары.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети