Қарағанды облысында қызметтік көліктерге жаңа айырым белгілер қойылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында қызметтік көліктерге жаңа айырым белгілер қойылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 тамызға дейін аймақтағы барлық атқарушы органдардың көліктеріне айырма белгі қойылуы тиіс. Бұл қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланумен күресуге бағытталған. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай шешімге келіп отыр.
Айырым белгі Қарағанды облысында ғана болады. Бұл Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясындағы облыстық департаменттің бастамасы.
Қызметтік көлік жұмыс уақытында және одан тыс рұқсат етілмеген жерде тұрса, аймақ басшылығы 8-7212-504102 немесе 1424 (Мемлекеттік қызмет агенттігінің call-орталығы) нөміріне хабарласуды ұсынып отыр.