12 ақпан 2021 | 10:34

Қарағанды облысында мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаз Қарағанды облысында менингиттің жедел түрінен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаз Қарағанды облысында менингиттің жедел түрінен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан сарбаз 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. 2 ақпанда таңертең ол әлсіздік пен дімкәстікке шағымдана бастаған және санитарлық нұсқаушының қарауынан кейін Абай қаласының Орталық қалалық ауруханасына жатқызылды. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, қатардағы қызметкер реанимация бөліміне ауыстырылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты.

"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес әскери қызметшінің өліміне жедел менингит себеп болған. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Орталық" өңірлік қолбасшылығының басшылығы мен жеке құрамы қатардағы жауынгер Жақып Рамазан Мейрамбекұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғырып, туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері қатардағы сарбаз қызмет еткен бөлімшеде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, карантин енгізілгенін айтты. Байланыста болған барлық адам Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығында менингококтың бар-жоғына тексеруден өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети