23 маусым 2022 | 14:23

Қарағанды облысында орман өрттерінің бірі сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Бұқар Жырау ауданындағы орман өрті өндірілді. Қарқаралы ауданында тағы екі өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бұқар Жырау ауданындағы орман өрті өндірілді. Қарқаралы ауданында тағы екі өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусымда Бұқар Жырау ауданында Белағаш ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша орман шаруашылығы аумағынан шыққан табиғи өрт 22 маусымда сағат 22:13-те жойылды. Жалпы өрт ауданы 101,5 гектар. 

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында табиғи өрттің екі ошағы сөндіріліп жатыр.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрттің алғашқы ошағының ауданы шамамен 400 гектар (21 маусымда Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде шыққан), онда бұталар мен шөптер бықсып жатыр. Өртті ТЖД және орман шаруашылығы күштері сөндіріп жатыр. 

Өрттің екінші ошағының ауданы шамамен 500 гектар (22 маусымда шыққан).

"Өртті сөндіруге 182 адам, 30 дана техника жұмылдырылды. ТЖМ тікұшақтарымен жанып жатқан учаскелерге су жіберу жалғасады. Барлығы 42 рет су құйылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Оқиға орны таулы, жартасты жер болған соң өртті сөндіру қиынға соғып жатыр. Оған қоса жақын жерде су қоймасы жоқ, желдің бағыты сәт сайын өзгеретіні хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети