Қарағанды облысындағы Қызылорда-Павлодар тас жолында Toyota Land Cruiser көлігі арыққа аударылып, екі адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысындағы Қызылорда-Павлодар тас жолында Toyota Land Cruiser көлігі арыққа аударылып, екі адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңаарқа ауылының маңында болған жантүршігерлік жол апатын жасаған Toyota Land Cruiser көлігін 39 жастағы азамат басқарған.
"Артқы доңғалақтың қысымы салдарынан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, шұңқырға аударылып кеткен. 26 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмған, екінші жолаушы 35 жастағы әйел ауруханада қаза тапты", - деді Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Қуаныш Зарубаев.
Жол талғамайтын көліктің тағы екі жолаушысы ауыр жарақаттармен Жаңаарқа аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өңір тұрғындарын алыс жолға шығуды шектеуге шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!