Қарағанды облысында тұрғындар жаңадан салынған жолдың сапасын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында тұрғындар жаңадан салынған жолдың сапасын сынға алды Скрин видео

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылының тұрғындары жолдың сапасыз салынғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылының тұрғындары жолдың сапасыз салынғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар асфальттың қалай салынғанын видеоға түсіріп, оның кілем сияқты оңай алынатынын айтады.

Жаңа асфальт ауылдағы Ленинградская және Мира көшілеріне төселген. Тұрғындар жолдың сапасыз салынғанына шағымданды. Тіпті, олар асфальтты кілем сияқты қайырып қоюға болатынын айтады. Тұрғындар арнайы эксперимент жүргізіп, оның нәтижесін видеоға түсірген. Жазба әлеуметтік желіде жарияланды.

Ролик аудандық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің назарынан тыс қалмаған. Олар жағдайдан хабары бар екенін атап өтті.

"Мердігер ұйым атқарған жұмыс қабылданған жоқ, әрі оның ақысы да төленбеді. Біз материалдың сапасына және асфальтбетон жабынын төсеуге зертханалық сынақ жүргіземіз. Кемшіліктер жойылады. Белсенді ауыл тұрғындарына алғыс білдіреміз", - дейді аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар!

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети