07 ақпан 2020 | 16:27

Қарағанды облысындағы бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округте төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округте төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайындағы басқару орталығының хабарлауынша, күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты (дауыл, боран, жауын-шашын) Қарағанды облысының бірнеше елді мекендерінде төтенше жағдай жарияланды.

"Осакаров ауданы әкімінің шешімімен Осакаровка, Молодежный және Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионерский, Озерный, Николаев, Тельман, Құндызды ауылдарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды", - деп хабарлады ІІМ.

Бұған дейін полиция қазақстандықтарды қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын қадағалауға шақырған. 

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ескерту жарияланғанда оны елемеуге боламайтынын айтып, сақтық шараларын ұстануды сұраған:

  • Дауылдан жер асты өткелдерінде, көпқабатты үйлердің кіреберісінде, дүкендерде жасырынуға болады. Жарнама қалқандарының, автобус аялдамаларының, ағаш, бағандар және үй қабырғаларының жанында жасырынуға, көпірлерде, жол өтпелерінде, эстакадаларда, тез жанатын және улы заттар сақтайтын орындарда, шатыр, сондай-ақ электр беру желілерінің астында тұруға, үзілген электр сымдарына тиюге болмайды.
  • Автокөлікті ағаш, билборд, электр сымдарының асытын қоймаған жөн.
  • Тыныштық сақтау, үрейленбеу, қажет болған жағдайда балаларға, мүгедектер мен қарт адамдарға, зардап шеккендерге көмек көрсету.
  • Ауылдық жерлерде тұратын адамдарға ауа райы қолайсыз болған кезде алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартқан дұрыс. 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети