Қарағанды облысындағы шахтада екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы шахтада екі адам қаза тапты Фото:depositphotos.com

Қарағанды ​​облысындағы "Саяқ-3" кенішінде көміртегі тотығы бөлініп, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысындағы "Саяқ-3" кенішінде көміртегі тотығы бөлініп, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахтадағы төтенше жағдай 6 қазанда болған.

"Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, улы газ бөлінгенде барлық қызметкерді жедел эвакуациялау жүргізілген. Зардап шеккендердің үшеуі жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, екі қызметкер қайтыс болды.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. "Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.02  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети