Қарағанды облысының кәсіпорындары жалпы сомасы 8,6 млрд теңгеге ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бойынша 23 келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша, "КЗМК-Имсталькон" ЖШС - металл құрастырылымдарын дайындау мен жеткізу, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (металл қақтау, мырышпен қапталған болат), "Теміртау Қазмеханмонтаж №2" ЖШС, "Гранит" ӨК кәсіпорындары ірі келісімшарттарға қол қойған.

Бұдан өзге, қарағандылық өндірушілер ЭКСПО нысандарының құрылысшыларына темірбетон өнімдерін, жылыту радиаторларын, құбырларды, құрылыс қоспаларын, лак және бояу өнімдерін, өрт сөндіру жүйелерін жеткізеді.
«Бастапқы кезеңде біздің облыстың ЭКСПО-ны өткізуге дайындық жұмыстарындағы міндеті құрылыс материалдарын жеткізу мен жобалауға қатысты болған. Бүгінде біздің жұмысымыз көрмені ақпараттық тұрғыдан алға жылжыту, туристік бағыттарды жетілдіру, жол бойындағы қызметтердің нысандарын дамыту, еріктілерді дайындау, көрмеге тарту жұмыстарын ұйымдастыру», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков облыс әкімдігіндегі жиналыста.
Кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева облыста Астана мен ЭКСПО-2017 көрмесін есепке алғанда, 6 туристік бағыттың әзірленгенін хабарлады.
"Туроператорлардың аймағына Қарлаг тарих музейі, Қызыларай, Қарқаралы ұлттық бағы кіреді. Қазіргі таңда жаңа маршруттық бағыттар әзірленіп жатыр, оның бірі "Қарағанды - Қазақстанның көмірлі жүрегі" деп аталатын болады", - деді ол.
Оның айтуынша, ЭКСПО қонақтарын күтуге Қарағандының мейрамхана бизнесі дайындалып жатыр.
"Облыстағы алғашқы"Космонавт" мейманханасына "ЭКСПО-мен ұсынылған" белгісі берілген. Комиссия қаралымында Қарағандының өзге мейрамхана кешендерінің өтінімдері жатыр", - деді Т. Аблаева.
Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне дейін Қарағанды мен Теміртауда 5 мейрамхана кешенін тұрғызып, қайта қалпына келтіру көзделген екендігін айтты.
Сондай-ақ, жиын барысында ағылшын тілін меңгерген қызмет көрсету саласының мамандарының дайындығы туралы да айтылды. Қарағанды облысының колледждердің экскурсия жетекшісі, аудармашы, ағылшын тілі мұғалімі, аспазшы-кондитер, гид-аудармашы секілді мамандықтардың түлектерімен қамтамасыз ете алатындығы хабарланды. Бұдан өзге, бүгінгі күні студент жастардың арасынан 150 ерікті жиналып үлгерген.