30 қазан 2015 | 18:40

Қарағанды облысының әкімі 2016 жылы той-томалақ өткізуден бас тартуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 2016 жылы той өткізуге тыйым салды, - деп хабарлайды "Қазақпарат" АА тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 2016 жылы той өткізуге тыйым салды, - деп хабарлайды "Қазақпарат" АА тілшісі.

"Келесі жылы оңай болмайды, сондықтан резервті шашпаңыздар, концентрациялаңыздар. 2016 жылы той өткізуден бас тартуларыңызды сұраймын. Биыл шуладық, жетер. Өткізетін соңғы тойымыз Тәттімбеттің 200 жылдығы, бұл маңызды оқиға. Келесі жылы мұндайды тоқтатуды сұраймын. Әйтпесе басталады - бір жақтан бір батыр шығады, ал оның маңыздылығын дәлелдеп алуымыз керек", - деп мәлімдеді Әбдібеков облыс әкімдігіндегі отырыста. Бұл жиналыста облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші талқыланды. 

Сонымен қатар, облыс әкімі қарамағындағыларды әрбір теңгені үнемдеуге шақырды. "Кейбір әріптестеріміздің басы айналып жүр, керемет жылдары өтіп жатқан сияқты. Кеше солай болғаны белгілі, ол кезде бәрі орнымен еді. Бүгін болса әрбір жиналыста әр теңгені сақтаңыздар деп айтып жатырмыз. Жоқ, әйтеуір түсініксіз бір жобалармен айналысып жатыр, кейін солардың өздері жасаған ойдан шығарылған дүниелерімен әлек боламыз", - деді Әбдібеков.

Өңір әкімін экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская да қолдап, "экономикалық жағдайды ескере отырып, 2016 жылдың бюджетінің өте қиын болатынын" атап өтті. "Бізде субвенция 17 миллиард теңгеге немесе 52 пайызға азайды. Бұл шығынды барлық бағытта қысқартуымыз керек дегенді білдіреді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети