Қарағанды облысының әкімі "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың отбасына барып қайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының әкімі "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың отбасына барып қайтты

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың отбасына барып қайтты. Өңір басшысы қаза тапқандардың отбасына және туыстарына көңіл айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың отбасына барып қайтты. Өңір басшысы қаза тапқандардың отбасына және туыстарына көңіл айтты.

"Бұл бәрімізге ортақ қайғылы оқиға. Сіздерге жақындарыңызды қайтара алмаймыз, бірақ көмектесу үшін қолымыздан келетіңнің барлығын істейміз. Сіздер жалғыз емессіздер", - деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі қаза тапқандардың жақындарына материалдық көмек берді.

"АрселорМиттал Теміртау" басшысы Парамжит Калон облыс әкіміне және қаза тапқандардың отбасына компанияның келісімшартта көрсетілген барлық міндетті орындайтынын айтып өтті. Сонымен қатар, компания басшылығы әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын қарап, барлығын ескере отырып, қосымша қажетті көмек көрсететіндерін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланған болатын.

"2017 жылдың 31 тамызында сағат 4:21-де Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Казахстанская" шахтасындағы 332 Д6-з № 1 вентиляциялық түйілісінде кенеттен көмір мен газ атқылады. Оқиға кезінде шахтада 136 адам болған, олардың үшеуі апаттық өндіруде болған. 5:35-те щахта жұмысшылары тіршілік белгілерінсіз үш ер адамның мәйітін тапты", - делінген еді хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети