14 наурыз 2017 11:41

Қарағанды облысының әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nikolay Olkhovoy © worldtravelserver.ru Nikolay Olkhovoy © worldtravelserver.ru

Қарағанды облысының әкімі болып Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы қызметін атқарған Ерлан Жақанұлы Қошанов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысының әкімі болып Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы қызметін атқарған Ерлан Жақанұлы Қошанов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің жаңа әкімін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәслихат сессиясында таныстырды.

Ол бұл қызметте 2014 жылы 20 маусымда Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған Нұрмұхамбет Әбдібековтің орнына келді.


Ерлан Қошанов. © government.kz.

Ерлан Қошанов 1962 жылы 14 тамызда дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын (1984) инженер механик мамандығын тәмәмдаған, Кейінірек КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепті (1991) және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999) бітірген, мамандығы бойынша - экономист. ҚЛКЖО Жезғазқан облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі (1988-1990), Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы болды (1990-1995), Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі (1999-2003), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2001-2003), ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі (2003-2006), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2006-2007) қызметінде болған. 2012 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметінде қызмет атқарып келді.

Үйленген, екі қызы бар.

"Парасат" (2013) және "Құрмет" (2007) ордендерімен марапатталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети