23 маусым 2022 | 14:47

Қарағанды облысының әкімі балалары қайда оқитынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек балаларының жалпы білім беретін орта мектептерде оқығанын, Қазақстанның білім беру жүйесіне сенім артатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек балаларының жалпы білім беретін орта мектептерде оқығанын, Қазақстанның білім беру жүйесіне сенім артатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сұрақ сіздің балаларыңызға қатысты. Жақында білім министрі Саясат Нұрбек балалары Кипрде оқығанын айтты. Айтыңызшы, сіздің балаларыңыз қандай мектепте оқыды? Оларды өзіңізбен бірге Қарағандыға алып келдіңіз бе және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне сенесіз бе", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Жеңіс Қасымбек үлкен балалары Нұр-Сұлтандағы №9 орта мектепте оқығанын, ал кіші ұлын қызметке тағайындалғаннан кейін өзімен бірге Қарағандыға алып келгенін айтты.

"Сенемін. Үлкен балаларым сол кезде (Жеңіс Қасымбек 2019 жылы облыс әкімі болып тағайындалғанда. - Автор.) мектеп бітіріп жатқан. №9 өте жақсы мектеп. Ал Қарағандыда, бір қалада жеті жоғары оқу орны бар, онда 30 мыңнан астам студент оқиды. Жалпы, Қарағандыдағы білім беру жүйесі еліміз бойынша үздіктердің бірі деп есептеймін", - деді әкім.

Еске салайық, бұған дейін жаңа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары неге Кипрде орта білім алғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети