12 қаңтар 2021 | 09:51

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Юрий Залыгин тағайындалды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппарат кеңесіне өңірдің жаңа бас санитар дәрігерін таныстырды.

"Жеңіс Қасымбек маңызды міндеттер өңірдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау, азаматтардың денсаулық сақтау және санитарлық әл-ауқат құқығын қамтамасыз ету екенін атап өтті", - делінген әкімнің баспасөз қызметінің хабарламасында

Юрий Залыгиннің екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетін "экономика бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.

Санитарлық қызметте 2001 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеген. Жезқазған мен Теміртауда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Жезқазған бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасын, Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасын басқарды. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері басшысының орынбасары болды.

2020 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети