19 тамыз 2015 | 12:00

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке қандай айыптардың тағылғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев экс-премьер-министр Серік Ахметовтің компаниясын заңсыз қаржыландырды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айыптаушы Дияр Әділовке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев экс-премьер-министр Серік Ахметовтің компаниясын заңсыз қаржыландырды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айыптаушы Дияр Әділовке сілтеме жасап.

"Қазір Әдбішевтің тарапынан болған қызметін теріс пайдалану деректері ғана қаралып жатыр. Ол Ахметовтің ұлына тиесілі "Евро Стандарт Қарағанды" ЖШС кәсіпорнына екі жер телімін мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз беріп, сонымен қатар, тратуар жолына қажетті плиталарды қысым көрсету арқылы алды деп айыпталып отыр", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Әділов осы процесс бойынша барлық айыптаулар ауыр және өте ауыр қылмысқа жататынын айтты. "Процессуалдық прокурор бекіткен, айыпталушының аса ауыр қылмысқа қатысы барын білдіретін бір айыптау актісінің өзі 1300 беттен тұрады", - деді ол. Айта кетейік, бұрынғы премьер-министр болса ндустриалдық парктің тазалау құрылғыларын ауыстыруға бөлінген қаражатты жымқыру, сонымен қатар отбасылық кәсіп мүддесі үшін қызметтік өкілін теріс пайдаланды деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети