Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының тұрғыны дәрігерлерден 30 миллион теңге өндіріп алмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 73 жастағы ақсақалдың ішінен хирургиялық қысқыш табылған болатын.

Бектұр Тоқмағанбетовтің айуынша, 12 жыл бұрын жасалған ота кезінде дәрігерлер 20 сантиметрлік қысқышты ұмытып кеткен. Ақсақал дәрігерлерден осы қаражатты өндіріп алу үшін сотқа арызданып қойды. Оның айтуынша, дәрігерлер кінәларын мойындамағанымен қоймай, қарияға жала жапқан. Бірнеше жыл өткеннен кейін оның денсаулығы сыр береді. Қазір оның өмірі тек қымбат дәрілердің көмегіне байланысты. "Осы қателікті жіберген дәрігерлер жазасын алу керек. Бұған дейін мен олардан моральдық шығын өндіруді ойламаған едім. Дегенмен денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені қарамады да. Көп уақыт өтіп кеткендіктен кімді жазалау керегін білмейтіндерін айтты. Мұрағаттағы жазбалар қайда? Хирургты жұмыстан қуғанның өзінде 12 жыл бойы қиналғаным үшін өтемақы алуға міндеттімін", - деді Тоқмағамбетов. Зейнеткердің айтуынша, ол полицияға арыз жазған. Қарағанды облысы ІІД бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ.