08 шілде 2015 | 10:30

Қарағанды полицейлері ереже бұзушыларды ұстау үшін қулыққа барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында жол-патруль полициясының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қалаға формасын шешіп, қарапайым адамдар секілді киініп шығып, жол ережесін бұзғандарды анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Автобус" деп аталған жедел алдын алу шарасы 30 маусым мен 2 шілде аралығында өтті. 

Иконка комментария блок соц сети

Баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары қарапайым киіммен қоғамдық көліктерге мініп, жүргізушілердің жол ережесін бұзған сәттерін анықтап отырды. "Шара кезінде 12 жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені анықталса, 156 рет жылдамдықты асыра пайдалану, 72 рет ұялы телефонмен сөйлесу, 101 тіркелген дерек бойынша қауіпсіздік белбеуін тақпағандығы үшін жазаға тартылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында. Жол-патруль полициясы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралардың жол қауіпсіздігін сақтауға тигізер пайдасы мол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети