Қарағанды ​​полицейлері қарттар соққыға жығылған жантүршігерлік видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​полицейлері қарттар соққыға жығылған жантүршігерлік видеоға қатысты пікір білдірді видео кадры

Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті белгісіз біреудің көпқабатты үйдің кіреберісінде егде жастағы әйелдерге шабуыл жасаған видеосына қатысты пікір білдірді. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті белгісіз біреудің көпқабатты үйдің кіреберісінде егде жастағы әйелдерге шабуыл жасаған видеосына қатысты пікір білдірді. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде дәлізде қарт әйелдерге шабуыл жасалып, аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда ер адам жәбірленушілермен бірге дәлізге кіріп, оларды еденге итеріп жібереді, содан кейін олардың басынан тепкілейді. Қарсыласу басылғанда, видеоның "кейіпкері" құрбандардың әмияны мен бағалы заттарын алып кетеді. Видео сипаттамасында апаларды ұрып-соғу оқиғасы Теміртауда болғаны айтылған.

"Туыстарыңызға ескертіңіздер. Теміртауда осындай мақұлық бар", - деп жазады видео авторы.

Резонанс тудырған бейнежазба полицейлердің назарынан тыс қалмады. Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаны зерттеп, оның Қазақстанда емес, Ресейде түсірілгенін хабарлады. Егде жастағы әйелдерге жасалған шабуылдар Санкт-Петербургте болған.

"Оқиға Теміртауда болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырлғанын ескертеді", - деп хабарлайды Қарағанды ​​облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети