Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Қарағанды тұрғыны DarkОrbit ойынынан ғарыш кемесін ұрлаған

17 Ақпан 2014, 13:59
0
©Bsgo.ru
©Bsgo.ru
DarkОrbit компьютер ойыны аккаунтын бұзған Қарағанды тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2013 жылы ойын аккаунтын бұзып, ғарыш кемесін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 227-бабы - "Компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, ЭЕМ-ге арналған зиянды бағдарламаларды жасау, қолдану және тарату" бабы айыпталушыға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. "Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тиісті сұраулар жолданып, тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап қайтарған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Полиция геймерлерге жеке мәліметтерінің ғаламтордың күмәнді ресурстарымен таралып кетпеуін қадағалауды ескертеді. Айта кетейік, DarkОrbit ойынында ойыншы өзара қарсылас үш компанияның бірі үшін соғысуға ғарыш кемесін таңдайды. Ғарыш кемесі аса ірі көлемдегі техниканы жойып жіберуге, жақтастарды қорғауға және барлау қызметі үшін арнайы жабдықталады. Бұл ойынның бүгінде 80 млн-нан астам адам белсенді ойыншысы бар.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай