Қарағандыда 3 жасар бала басын темір тор арасына кіргізіп, қайта шығара алмай қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 3 жасар бала басын темір тор арасына кіргізіп, қайта шығара алмай қалған видео кадры

Қарағандыда басын темір тор арасына кіргізіп, қайта шығара алмаған үш жасар бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда басын темір тор арасына кіргізіп, қайта шығара алмаған үш жасар бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандылық құтқарушылар үш жасар баланы темір тор құрсауынан шығаруға көмектескен.

Оқиға қаланың оңтүстік-шығысындағы Кеншілер даңғылы бойындағы аулалардың бірінде болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне оқиға куәгерлерінен баланың сырғанақ қоршауының темір торлары арасына қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құтқарушылар барған. Арнайы құрал көмегімен олар тор арасын ашып, баланың шығуына көмектескен.

"Қызметкерлер кәсіпқойлығы мен тиімділігін көрсетті, баланың басын арнайы құрал көмегімен ойын құрылымынан босатып алды", - деді Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети