04 маусым 2021 | 14:20

Қарағандыда 3D стиліндегі жаяу жүргіншілер өткелін тұрғындар сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 3D стилінде салынған жаяу жүргіншілер өткелін тұрғындар сынға алды. Қала тұрғындары жұмыс мемлекеттік стандарт бойынша орындалмағанын және 3D форматқа сәйкес емесін айтып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 3D стилінде салынған жаяу жүргіншілер өткелін тұрғындар сынға алды. Қала тұрғындары жұмыс мемлекеттік стандарт бойынша орындалмағанын және 3D форматқа сәйкес емесін айтып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда Рысқұлов көшесінде "жаяу жүргіншілер өткелі" пайда болды. Ол билік өкілдерінің айтуынша, 3D форматта салынған. Бірақ әлеуметтік желілерде жаяу жүргіншілер өткелі сынның астында қалды.

"Бұл - 3D емес. Бірінші суретте - біздің ойымыздағы, ал екіншісі - шын мәнінде салынғаны. Енді мұндай "керемет" біз бен сіздің ақшаға Қарағандының басқа жерлерінде де салынады", - деп жазды қарағандылық Ботагөз Омарова Facebook-те.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол белгісі тәжірибе ретінде салыныған.

"Рысқұлов көшесіндегі № 81 орта мектеп ауданындағы "3D жаяу жүргіншілер өткелі" келісілген және тәжірибе ретінде жасалған. Алайда дұрыс салынбаған. Мұндай жол белгілері бұрын СҚО мен ОҚО-да қолданылған", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қарағандының Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство бұл белгі үшін бюджеттен қаржы бөлінбегенін айтты.

"Рысқұлов көшесі бойындағы 3D жол белгісі "Зубр-21" ЖШС мердігерлік ұйымының қаражаты есебінен тәжірибе ретінде салынған. Жақын күндері жол белгісі жойылады", - деді бөлім басшысы Әлібек Дүйсембеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети