Қарағандыда 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен polisia.kz

Қарағандыда денсаулығында кінәраты бар 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда денсаулығында кінәраты бар 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Қарағанды қаласы полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 30 минут бұрын 83 жастағы әжесі жоғалып кеткенін хабарлаған. Зейнеткер пәтерден шығып кеткен.

Қарт адам деменциямен ауыратыны белгілі болды. Оқиға туралы полиция бөлімінің барлық жеке құрамына, патрульдік нарядтарға хабарланды. Жоғалған зейнеткерді іздеуге кинологиялық қызметтің қызметкерлері қатысты. Көп ұзамай полицейлер жаяу жүргіншілер жолында жатқан зейнеткерді тапты. Қызметкерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін туыстарын шақырған.

"Әжемді тез тауып алған патрульдік полиция қызметкерлері мен кинологиялық қызметке шынайы алғысымды білдіргім келеді", - деді жоғалған адамның туысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети