04 желтоқсан 2020 08:55

Қарағандыда 9 қабатты үйде егеуқұйрық қаптап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Қарағандыда тоғыз қабаты үйде егеуқұйрық қаптаған. Кеміргіштер аула, кіреберіс пен лифтілерден бөлек пәтердің ішінде "алаңсыз" жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Қарағандыда тоғыз қабаты үйде егеуқұйрық қаптаған. Кеміргіштер аула, кіреберіс пен лифтілерден бөлек пәтердің ішінде "алаңсыз" жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың ойы екіге бөлінді: біреуі кеміргіштер қоқыс салдарынан тарады десе, екіншісі дератизацияны уақытылы жасау керек деп есептейді. 

"Менің жуынатын бөлмемде егеуқұйрық болды. Бұл ештеңе емес, бірінші кіреберістегі үйдегі баланың төсегінен табылған. Ол үшін барлық кіреберіс, жертөледе дезинфекция жасау керек, тағы біздің үйімізде азық-түлік дүкені бар", - деді үйдің тұрғыны Ольга Васильевых.

Тұрғын үй кешені басқармасының басшысының айтуынша, дератизация уақытша көмектеседі.

"Қоқыс құбырын жабу керек. Бар мәселе сонда болып тұр. Басқа үйде де осындай жағдай бар. Біз екі жыл уладық және егеуқұйрықтар жойылатын, уақыт өте келе қайта шығатын. Кейін қоқыс құбырын жаптық", - деді Тұрғын үй кешені басқармасының директоры Еркебұлан Бесжігітов.

ПИК өкілдері қоқыс құбырын жабуға дайын. Тек ол үшін тұрғындардың үштен екі бөлігі рұқсат беруі керек. Бұл үйде 200-ге жуық отбасы тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети