10 тамыз 2023 | 14:48

Қарағандыда балалардың жаппай улануынан кейін жұмыстан шеттетілген дәрігерлерге не болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративное фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстративное фото ©Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлімшелерінің жаппай улануынан кейін жұмыстан шеттетілген дәрігерлердің көпшілігі мекемеге қайта оралды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлімшелерінің жаппай улануынан кейін жұмыстан шеттетілген дәрігерлердің көпшілігі мекемеге қайта оралды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше комиссия шешім шығарды, 10 медицина қызметкері осы медициналық-әлеуметтік мекемеде тікелей қызметіне қайтарылды. Екі медицина қызметкері - бөлім басшысы мен психиатр әзірге қызметінен шеттетілді", - деді Айжан Есмағамбетова.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, балалардың неден уланғаны туралы жаңа деректер жоқ. Сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бір айдың ішінде дайын болады.

Еске салайық, орталықтан жедел жәрдем қызметіне 30 шілде күні кешке қоңырау түскен болатын. "Қуаныш" тобындағы 13 жастағы бір оқушыда тамақтан улану белгілері болған. Нәжісі бос, құсу болған, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер қанша тырысқанымен, 12 сағатқа жуық уақыттан кейін бала көз жұмды. Өлім себебі - жедел тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі.

30 және 31 шілдеде Қарағанды ​​медициналық мекемелеріне орталықтан осындай белгілермен тағы 11 бала түсті, олардың алтауының жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппараттарына қосылды. Ажар Ғинияттың айтуынша, төрт баланың жағдайы ауыр, ал тағы екеуі өте ауыр жағдайда.

Қазіргі уақытта баланың өлімі мен балалардың жаппай улануы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Онымен арнайы прокурорлар айналысады. Бүгін тергеу барысында орталық директорының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері қызметтерінен шеттетілгені белгілі болды. Төтенше жағдай кезінде орталықтың директоры еңбек демалысында болған. Ол 2019 жылдан бері әлеуметтік мекемені басқарып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети