23 қараша 2021 15:29

Қарағандыда белсенді Олег Гарницкийдің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олег Гарницкий Олег Гарницкий

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты биыл сәуір айында көршісімен жанжал кезінде қайтыс болған азаматтық белсенді Олег Гарницкийдің өліміне қатысты қылмыстық істі қарады. Сотталушы абайсызда адам өліміне себепкер болды деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандының Қазыбек би аудандық соты биыл сәуір айында көршісімен жанжал кезінде қайтыс болған азаматтық белсенді Олег Гарницкийдің өліміне қатысты қылмыстық істі қарады. Сотталушы абайсызда адам өліміне себепкер болды деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс биылғы жылдың тамыз айында сотқа түскен. Тергеу органдары қоғам қайраткерін абайсызда өлтірді деген қорытындыға келген. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі, яғни абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бойынша айып тағылды.

Сот талқылауы барысында сотталушы қоғам қайраткерінің оң жақ бетіне жұдырықпен бір соққы бергені анықталды. Алған соққыдан жәбірленуші жерге құлап, басының артқы жағын асфальтқа соғып, жарақат алған.

"Сотталушы жәбірленушінің соққыдан құлап, бас жарақатын алатынын болжамаған. Жәбірленушінің алған жалғыз соққысы жабық бассүйек-ми жарақаты түріндегі денсаулыққа ауыр зиян келтіруі мүмкін емес, сондықтан Гарницкийдің өлімі абайсызда болған. 

Сотталушының кінәсі бейнебақылау камерасындағы бейнежазба, куәлардың айғақтары, сот-медициналық сараптамасы, сондай-ақ өз мойындауы арқылы дәлелденді", - деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыға жазаны ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны сұрады.

Марқұмның ұлы мен оның өкілі бапты аса ауыр бапқа ауыстырып, істі прокурорға қайтаруды талап етті. Сондай-ақ олар сотталушыға қатаң жаза тағайындап, одан материалдық шығын ретінде 421 900 теңге және моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіруді сұрады.

Сотталушының қорғаушысы оны бас бостандығынан айырмауды және моральдық зиянды өтеу бөлігінде талапты қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Сотталушы материалдық шығын сомасын толық мойындады.

"104-баптың 1-бөлігінің санкциясы шектеу немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сот сотталушының кінәсін мойындағанын, болған оқиғаға шын өкінгенін, асырауында жасөспірім балалардың болғанын, бұрын сотталмағанын ескерді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ең ұзақ мерзім 1 жыл 6 айдан аспауға тиіс. Сондықтан сот барынша қатаң жаза тағайындады", - деді сот.

Сондай-ақ сотталушыдан моральдық шығын үшін өтемақы ретінде 421 900 теңге және бес миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын сомасы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қайғылы оқиға 18 сәуірде болған. Қоғам қайраткері Олег Гарницкий мен оның көршісі арасында жанжал туындады. Жанжал кезінде көршісі белсендіні ұрып, зардап шегуші бас жарақатымен ауруханаға түскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети