Қарағандыда ер адам жасөспірімді пышақтап, қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ер адам жасөспірімді пышақтап, қашып кеткен Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қарағандыда дүкендердің бірінде ер адам кәмелетке толмаған баланы жаралап, қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда дүкендердің бірінде ер адам кәмелетке толмаған баланы жаралап, қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжал азық-түлік дүкенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған қарағандылық жігіт пен досы кассада кезекте тұрған. Бір кезде дүкенге бір ер адам кіріп, кезексіз төлем жасамақ болған. Куәгерлердің айтуынша, пышақтасуға дейін барған кикілжіңге осы себеп болған.

"Ол балалардың бірін пышақтап, қашып кетті. Біз шошып кеттік. Бұлай болады деп ойлаған жоқпыз", - дейді куәгер.

Қарағанды ​​облысының полицейлері ақпаратты растады. Жол полициясы басқармасының бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, күдікті ұсталған.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы екі жас жігіттің сауда орнында болғанын анықтады. Осы жерде олар мен бейтаныс ер адамның арасында жанжал шығып, сол кезде ер адам жігіттердің бірін пышақтап, қашып кеткен. Жәбірленуші емдеу мекемесіне жатқызылды", - деді Қарағанды ​​облысы бойынша полиция департаментінің басшысы.

Полицейлер бейнекамералардың көмегімен күдіктінің қайда кеткенін анықтады.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Санжар Әділов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети