Ұлттық Ұлан Майқұдық ауданының аулалардың бірінде баламен жүрген ер адамды ұстады. Алайда ер адам қарсылық білдіріп, полицейлерге қарсы күш қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық Ұлан Майқұдық ауданының аулалардың бірінде баламен жүрген ер адамды ұстады. Алайда ер адам қарсылық білдіріп, полицейлерге қарсы күш қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ер адамның карантин режимін бұзып, серуендеуге шыққаны айтылады. Видеода оның әскери қызметкерлердің талабына бағынбай, оларды басымен ұрып жібергені көрінеді.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты түсінік берді. Ведомство өкілдері мұның 29 сәуірде №14 ықшамауданда түсірілгенін айтты.
"26 жастағы тұрғын Майқұдықта №14 ықшамауданда ұсталды. Ер адам өзін дөрекі ұстап, әскерилердің саябақ ауласында жүрмеу керек туралы ескертуін елемей, жұдырық ала жүгірген. Әскери қызметкерлерге қарсылық көрсеткен. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды", - деді өңірлік полицейлер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!