07 мамыр 2020 14:02

Қарағандыда инспектор Ерлан Нұрғалиевтің құрметіне мурал салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/s.dildakhmet © facebook.com/s.dildakhmet

Қарағанды қаласында батыр Ерлан Нұрғалиевтің құрметіне мурал салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды қаласында батыр Ерлан Нұрғалиевтің құрметіне мурал салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Табиғатты қорғау - Отанды қорғау! Мерекелеріңіз құтты болсын!", - деп жазба қалдырды Сәкен Ділдахмет. 

Мурал Нұркен Әбдіров даңғылындағы №4 үйде салынған. Мурал әлі толық аяқталмаған. Суретші Шыңғыс Қасымовтың айтуынша, туындыны толық бітіруге әлі екі аптадай қажет екен. 


Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің ұлы Медет Нұрғалиев балаларымен 

Еске салайық, 27 тамызда Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталған. Күдіктілердің қатарында Қызылорда облысының жеті тұрғыны болған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, биыл қаңтарда олар алдын ала келісіп, Қарағанды облысының Нұра ауданына ақбөкенді аулауға шыққан.

Ерлан Нұрғалиевті өлтірген үш ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Онда 17 ақбөкенді атып, "Охотзоопром" қорық қызметкерлерінің көзіне түскен. Олар қашып құтыламыз деп инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкке шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі қызметкер де ауыр жарақат алды. Ер адамдар олардың қызметтік көлігі мен GPS кілттерін алып кеткендіктен, зардап шеккендерді бірнеше сағаттан кейін ғана табу мүмкін болған. Алайда Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети