01 ақпан 2022 | 09:10

Қарағандыда жаяу жүргіншілер өткелінде шана мінген екі баланы қағып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандыда 29 жастағы ВАЗ жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 29 жастағы ВАЗ жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Тәттімбет көшесінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, көлік қаққан кезде кішкентай бала шанада болған, ал үлкен қыз оны сүйреп келе жатқан. Зардап шеккендер соққыдан бірнеше метр алысқа ұшып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео Avaria_krg Telegram каналында жарияланды. Болжам бойынша, зардап шеккендер бір үйдің балалары.

"Оқиға салдарынан зардап шеккен он бес және бес жастағы балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети