Қарағандыда "қалтасына пышақ салған прокурордың" видеосына қатысты тексеріс басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Қарағандыда ​​облыс прокуратурасы аппаратының басшысы Арман Көшекбаев қалтасына пышақ салып мейрамханада жүр делінген видео зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда ​​облыс прокуратурасы аппаратының басшысы Арман Көшекбаев қалтасына пышақ салып мейрамханада жүр делінген видео зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​облысы прокуратурасы аппаратының басшысы Арман Көшекбаевқа ұқсайтын ер адам түсірілген видео талқыланып жатыр. Кадрларға қарағанда, жазба қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде түсірілген. Кадрлардан прокуратура қызметкері делінген адам мекеме күзетшілерінің бірімен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Осы кезде жанындағылар оны тыныштандырып, ғимараттан шығаруға тырысады.

Бір кезде видео кейіпкері бұрылғанда, күзетші оның шалбарының артқы қалтасынан пышақты суырып алады.

Бұл видео Желіде резонанс тудырды. Қолданушылар видео кейіпкерлері арасында прокуратура қызметкерлері барын айтып жатыр.

Бұл ретте Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, видеоға түсірілген оқиға былтыр болған.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қарағанды ​​қаласындағы ойын-сауық нысанында прокуратура қызметкері түсірілген видео тарауына байланысты қызметтік тексеріс басталды. Қазіргі уақытта бұл дерек 2021 жылы болғаны анықталды. Басқа мән-жайлар тексеріліп жатыр", - деді Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro