04 тамыз 2023 | 09:01

Қарағандыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото polisia.kz Фото polisia.kz

3 тамызда кешкі уақытта облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері "Байкал" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, "Соваж" маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети