Қарағандыда №№43, 53, 19, 1 және басқа да бағыттардағы автобус жүргізушілері рейске шықпай қойды деп хабарлайды "Новый вестник". Басылымның мәліметінше, наразылық шарасына 100-ге жуық адам қатысып жатыр.

Жүргізушілер күніне 70 мың теңге табу туралы жоспарды азайтуды және рейске берілетін жанармай мөлшерін көбейтуді талап етіп отыр. Олардың сөзіне қарағанда, автопарк беретін жанармай жетпейтіндіктен, автобус жүргізушілері рейске көбіне өз есебінен шығуға мәжбүр. Жұмысшылар наразылық білдірген жерге полицейлер, шенеуніктер, прокурор мен мемлекеттік еңбек инспекторы келді. Тараптар қалыптасқан ахуалды талқылап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жолақы құны қымбаттап, бұл жайт тұрғындардың наразылығын туғызған болатын. Қоғамдық көлікте жүру ақысы бұрын 50 теңге болса, қазір қарағандылықтар 80 теңге төлейді. Зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүгедектер және Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соған теңестірілген азаматтарға ғана жолақы құны бұрынғысынша 50 теңге болып қалды. Автопарк өкілдері жолақыны қымбаттату есебінен көліктерді жаңартуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.