Қарағандыда концерт кезінде 35 бала адасып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда концерт кезінде 35 бала адасып кетті Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағандыда полицейлер ата-аналарға 35 баланы қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда полицейлер ата-аналарға 35 баланы қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында тұрғындар кеншілер күнін атап өтті. Іс-шаралар бірнеше тау-кен қалаларында өтті.

Халық саны миллионға жеткен Қарағандыда 24 тамызда кешке мерекелік концерт өтті, оған жергілікті эстрада жұлдыздары ғана емес, қазақстандық және ресейлік жұлдыздар да қатысты.

Қаланың орталық алаңында 50 мың көрермен жиналды. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 500-ден астам полиция қызметкері келді.

Концерт барысында 35 бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кетті. Полицейлер көмекке келді. Барлық бала ата-аналарына қайтарылды.

Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, мұндай ауқымды іс-шараны өткізу кезінде бірде-бір құқықбұзушылыққа жол берілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети