Қарағандыда коронавирус жұқтырған 7 адам туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда коронавирус жұқтырған 7 адам туралы не белгілі? © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлық науқас оқшауланды, емдеу курсын қабылдап жатыр", - дейді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Бүгінде Қарағанды облысында үй карантинінде 1440 адам жатыр. Тәулік бойы бақылауда - 908 науқас, оның ішінде 54-і жұқпалы боксте. Бұл 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) оралған немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.

Жұмысқа барлығы 690 медицина қызметкері жұмылдырылды. Стационарлар барынша толған жағдайда қосымша тағы 1 125 маман, сондай-ақ әскери лазареттерден 6 дәрігер мен 12 бірлік орта медициналық қызметкер, балалар санаторийлерінің жұмысын уақытша тоқтату есебінен 40 маман жұмылдырылған.

Айта кетейік, Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 55. Облыста COVID-19 жұқтырған бір адам қайтыс болды. 

Қазақстанда тағы 15 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети