Қарағандыда құрылысшылар бір-біріне кірпіш лақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда құрылысшылар бір-біріне кірпіш лақтырды Видеодан алынған кадр

Қарағандыда құрылысшылардың екі бригадасы бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда құрылысшылардың екі бригадасы бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандының құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшылар арасында қақтығыс болды. Видео кадрларынан адамдар бір-біріне кірпіш лақтырып жатқанын көруге болады. 

Ескерту! Бейәдеп сөйдер айтылады!

Бейнежазбаны полиция қызметкерлері тексерді. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжалға қатысқандардың бәрі ұсталды.

"Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағандының құрылыс алаңдарының біріндегі бұзақылық әрекеттер дерегін анықтады. Құрылысшылардың екі тобы, шамамен 20-25 адам, былапыт сөздер айтып, бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырады. Оқиғаға қатысушылардың бәрі ұсталды", - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер қақтығыс қабатаралық плитаны орнату бойынша шыққан дау-дамайға байланысты болғанын анықтады. ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети