Қарағандыдағы Сортировка ауданында мас жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кете жаздады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыдағы Сортировка ауданында мас жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кете жаздады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде мас жүргізушінің ұсталған сәтінің видеосы тараған. Видео желі қолданушыларының арасынан қызу талқыланған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ол Сортировка ауданында жаяу жүргіншілерді қағып кете жаздапты. Видеода мас жүргізушіні полиция қызметкерлері ұстап жатқаны көрсетілген. Онда оның жанында тұрған екі әйелді көруге болады. Бір әйел қатты айғайлап, адамның ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтқан әрі Калининградқа хабарласамын деп жанындағыларды қорқытқан.
Әлеуметтік желіде тараған роликтің авторлары жүргізуші мас екенін, ол көліктің жылдамдығын арттырып, Сортировка ауданында адамдарды қағып кете жаздағанына айтады.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Оқыс оқиға 3 мамыр күні Қарағандыдағы Дружба көшесінде болыпты.
Тәртіп сақшылары мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушіні байқаған. Олар жүргізушіні тоқтатпақшы болған. Алайда ол полицейлердің талабына бағынбапты. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге қауіп төнбеуі үшін қару қолдануға мәжбүр болған.
"25 жастағы Audi көлігінің жүргізушісі мас күйінде автокөлік басқарып, өзінің және тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Күдіктінің істінен 4 әкімшілік бап бойынша: 476 бап ("Төтенше жағдай режимін бұзу"), 608 бап ("Мас күйінде көлік жүргізу"), 613 бап ("Ішкі істер органдары қызметкерлерінің талабын орындамау" және "Қызметкерлердің бұйрығына немесе талабына бағынбау") іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 29 жастағы жолаушының үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 378 бабы ("Билік өкілін қорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.