Қарағандыда мектеп оқушылары сыныптасын жабылып соққыға жыққан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда мектеп оқушылары сыныптасын жабылып соққыға жыққан фото:elements.envato.com

Қарағандыдағы мектептердің бірінің оқушылары сыныптасын соққыға жыққан. Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы мектептердің бірінің оқушылары сыныптасын соққыға жыққан. Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған баланың аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпаратты Nemolchi.kz қоғамдық қоры Instagram-парақшасында жариялады. Жазбада мектеп емтиханынан кейін қатарластары кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасағаны айтылған.

"Менің ұлым, 9-сынып оқушысы, үйге қайтып келе жатқанда, оның төрт сыныптасы ұлымды ЗМК зауыты артына сүйреп апарып, сол жерде соққыға жығып, баламды қорлап, таяқпен ұрып, бетінен теуіп, түкіріп, үстіне темекі тұқылын басқан. Қазір ұлым ауруханада. Мен арыз жаздым", - деп қордағылар зардап шеккен баланың анасының сөзін келтіреді.

Ата-анасының айтуынша, бұған дейін жәбірленуші сыныптастарынан қысым көргені туралы бірнеше рет шағымданған. Кәмелетке толмаған баланың анасы бұл туралы мектеп мұғалімдерімен сөйлесіп, ұлын басқа сыныпқа немесе үйде оқуға ауыстыруды сұраған. Алайда, ол орындалмаған.

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі зардап шеккен баланың анасы әлі полицияға арыз жазбағанын хабарлады.

"Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті осы жарияланым бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл ретте осыған дейін бұл факт бойынша ешкім арызданбағанын хабарлаймыз", - деді ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети