Қарағандыда науқас дәрігерге шабуыл жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде науқастың медицина қызметкеріне соққы жасаған видеосы тарады. Дәрігерге шабуыл жасау дерегі полицияға тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде науқастың медицина қызметкеріне соққы жасаған видеосы тарады. Дәрігерге шабуыл жасау дерегі полицияға тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қарағанды ​​қаласындағы Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында болған. Видеоға науқастың дәрігерді жұдырықпен ұрған сәті түсірілген. 

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.

"16 сәуірде профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың қабылдау бөліміне 1986 жылы туған ер адам жүгінген. Ол оң қолы ауырып, ісіп тұрғанына шағымданған. Науқастың айтуынша, ол құлаған кезде оң қолын жарақттап алған. Тексеру нәтижесінде "оң қолдың жабық ұсақталған сынығы" диагнозы қойылып, бекіту таңғышы салынды. Осыдан кейін сүйектің қайта ығысуын болдырмау мақсатында науқас хирургиялық емдеуге жіберілді. Алайда ол гипс қолданудан үзілді-кесілді бас тартты. Ол өзін дөрекі ұстап, кезекші травматологқа дене жарақатын салған", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі аурухана әкімшілігі полиция шақырғанын қосты. Дәрігерге жасалған шабуылдың видеосы тәртіп сақшыларына тапсырылған.

Оқиғаға Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.

"Факт тіркелді. Бүгінде тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети