13 шілде 2018 13:55

Қарағандыда найзағай салдарынан жанармай құю станциясында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Октябрь ауданында найзағайдың салдарынан жанармай бекеті жанып кетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының Октябрь ауданында найзағайдың салдарынан жанармай бекеті жанып кетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға күндіз 12 шілдеде АЖС-да (Автокөлік жанармай станциясы) Совхоз көшесінде болған. Оқиғаның видеосын Instagram әлеуметтік желісіндегі Skandal.krg парақшасы жариялаған. Видеода АЖС-тың өртенгеннен кейінгі бейнесі түсіп қалған. Видеоны жариялаған автордың сөзінше, автобекетте болған жарылыс даусының қатты болғаны соншалық, жанармай бекетін түгелдей ұшырып кете жаздаған.

Қарағанды облысының ТЖД-нің баспасөз қызметінің өкілдері жарылыс болғанын растады.

"12 шілдеде сағат 15.43-те Қарағандының Совхоз аймағында жанармай бекетін найзағай ұрғанын хабарлады. Оқиға орнына 5 техника мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру-құтқару қызметінің 24 адамы жіберілді. Найзағай салдарынан төрт отын шығаратын бак жанып кетті ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқару операциясы сағат 16.30-да аяқталды. Жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған контейнерлерді сөндіру үшін өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. ЖҚС аумағында жану тіркелмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети